Жамбыл облысында жаңа «Меркі» өңірлік мемлекеттік табиғи паркі құрылды!
Қазақстан табиғатты және мәдени мұраны сақтау жолында тағы бір қадам жасады: Жамбыл облысында аумағы 86 мың гектардан астам болатын өңірлік мемлекеттік табиғи парк ашылды. Жаңа парк Батыс Тянь-Шань таулары мен тау бөктерінің қайталанбас экожүйелерін қамтиды. Мұнда сирек әрі эндемикалық өсімдіктер мен жануарлар мекендейді. Ғалымдардың @qazaqormany дерегіне сүйенсек, парк аумағында 8 қар барысы, 120 арқар, 20 үнді дикобразы және 22 түркістан сілеусіні тіркелген. Олардың барлығы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Парктің құрылуы мемлекеттік органдар, жергілікті қауымдастықтар, ғылыми мекемелер және халықаралық ұйымдардың, соның ішінде #БҰҰ @unitednations Даму бағдарламасының @undp (#БҰҰДБ) @undp.kazakhstan ұзақ жылдық бірлескен еңбегінің нәтижесі болып отыр. «Меркі» тек табиғатты қорғау ғана емес, ғылыми зерттеулердің, экологиялық ағартушылық пен экотуризмнің жаңа орталығына айналмақ. Осылайша Қазақстан климат пен орнықты даму саласындағы жаһандық мақсаттарға адалдығын дәлелдеп, табиғи байлықты сақтауға және келер ұрпаққа аманат етуге нақты қадамдар жасауда. Біз табиғатты сақтасақ – болашағымызды қорғаймыз!

https://www.instagram.com/p/DNqat9KMwhv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==