ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті келушілер (шетелдік азаматтар)!
«Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» аумағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына іргелес шекаралық аймақта орналасқан.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік шекара туралы» Заңының 40–43 баптарына сәйкес, шекаралық аймақта болу, уақытша келу және жүріп-тұру арнайы рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, парк аумағына келу үшін шетелдік азаматтарға алдын ала белгіленген тәртіппен рұқсат алу міндетті. Рұқсат құжаттарын алу үшін тұрғылықты жері бойынша немесе жақын орналасқан көші-қон қызметі бөлімдеріне, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі органдарына (шекара бөлімшелеріне) жүгініп, тиісті өтініш беру қажет.
Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда, парк аумағына кіруге және шекаралық аймақта болуға жол берілмейді.
Барлық келушілерден Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз